Пікір • 09 Қыркүйек, 2022

Ауқымды істерге бастайды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің 1 қыркүйектегі Жол­дауына куә болдық. Осы жылдың наурыз айын­дағы Жол­дауда айтылған басым бағыттар жүзеге асы­­рылды деп айтуға болады. Оның бірі – Конс­­ти­туцияға енгізілген өзгерістердің жалпы­ха­лықтық референдум арқылы қабыл­дануы­. Ал ең маңыздысы – өзгерістер мен то­лық­тыру­лардың халық тарапынан қолдау тапқаны.

Ауқымды істерге бастайды

Беларусь халқы да биыл осындай саяси науқанды еңсерді. Ел Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондықтан біз мұндай саяси реформаның мәні мен маңызын, жауапкершілігі мен жүгін жақсы түсініп отырмыз. Қазақстан Президентінің кезекті Жолдауы осы кезеңнің жалғасы іспеттес. Біз Жолдаудың ауқымын көріп отырмыз, бір ғана әлеуметтік-экономикалық саланың халық игілігіне бағытталған қаншама мәселесін қамтыды. Бизнес саласын дамытуда ұлттық мүддемен балансы қарастырылған. Жастардан бастап, әрбір топтың әлеуметтік жағдайы, билік пен кәсіпкерліктің арасындағы байланыстың тиімділігі, экономиканы дамытуда салық кодексін қайта қарау, инвестиция тартудағы мәселелер – барлығы толықтай ел игілігіне орайластырылған.

Қазақстан мен Беларусь арасында көптеген ірі жоба жүзеге асырылып келеді. Жолдауда айтылған басымдықтар екі ел арасындағы байланысты одан әрі кеңейтіп, ынтымақтастықты нығайта түспек. Денсаулық сақтау, білім саласындағы іс-шаралар тек республика көлемінде емес, ауылдық жерлерде де іске асады деп жоспарлап отырмыз. Бұл да ынтымақтастығымызды одан әрі арттыруға тың серпін береріне сенімдімін.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ» 

 

Павел УТЮПИН,

Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі