15 Мамыр, 2014

Ұрпақ өсір. Ағаш ек. Тұқым сеп!

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жылдағы дәстүр бойынша «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауы­тында «Мен ағаш отыр­ғыздым» корпоративтік жобасы аясында экологиялық акция өткі­зілді. Кәсіпорынның жұмыс­шы­лары өндіріс аймағын көріктендіру, табиғатты қорғау бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа ферроқорытпа зауытының аума­ғына 200 түп пирамидалық терек отырғызды. Жас көшеттерді отырғызуға 40-тан астам зауыт­тық­тар қатысты. Олар тамыр тар­тып, бой көтергенде әлемдегі баламасы жоқ ин­дустриялық-инновациялық бағ­дарлама аясында салынып жатқан жаңа бірегей фер­ро­қорытпа зауытының маңын көріктендіретін болады. Экологиялық шараға қатыс­қандардың бірі қолдарына күрек­терін ұстап ағаш отырғызса, енді бірі су тасып, қыз-келіншектер жағы жасыл желек екпелері жай­қалып өссе деген ырыммен алқызыл лента тақты. металлургтер агаш 4 металлургтер агаш 3 «Мен ағаш отырғыздым» ак­ция­сы бізде жыл сайын ұйым­­дас­тырылады. Әрдайым тазалықты басты назарда ұстайтын кәсіп­орынның әр цехы, бөлімшесі өздеріне бекітілген аймақтарын тазалап, қурап қалған ағаштардың орнына жаңасын отырғызып, абаттандыру мен көгалдандыруға бір кісідей атсалысады. Осы акция шеңберінде 2008 жылдан бастап зауыт аймағы жыл сайын жаңа көшеттермен толығып келеді. Газдан тазарту учаскесінің, дайын өнімдер цехының, «Батыс-2» шағын ауданында орналасқан зауыттықтардың үйінің ауласы, тұрғындар қалашығының скверіне, №1 балқыту цехының маңына, дене шынықтыру-сауық­тыру кешенінің, жаңа теннис кор­тының айналасына ағаш көшет­терін отырғыздық. Бұл отыр­­ғызылған ағаштарымыз бүгінде ғимараттарға көрік бе­ріп, жайқалып өсуде, дейді қор­шаған ортаны қорғау бас­қар­масының 2-ші дәрежелі инженер-экологы Гүлжан Тайкенова. Техникалық қадағалау бөлімінің қадағалаушысы Диляра Нұр­ғожина биылғы акцияның орны бөлек екенін, өйткені жаңа фер­ро­қорытпа зауытының маңы­на алғаш рет ағаш көшеттері отыр­­ғызылғанын, өзінің бұған ал­ғаш­­қылардың бірі болып атса­лысқанын жеткізді. Ағаш отырғызу кәсіпорынға қарасты денешынықтыру-сау­ықтыру кешенінде жалғасты. Ке­шен қызметкерлері мұнда 70 түп ағаш отырғызды. Отыр­ғызылған көшеттерді күтіп-баптау да зауыттықтардың еншісінде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.