Спорт • 11 Қыркүйек, 2022

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта жеңді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (23-7-2) Атырауда өтіп жатқан Mergen Fighting Championship 3 турниріне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші раундта жеңді

Қуат Хамитов ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) аралас жекпе-жекке шықты.

Ресей спортшысы осы уақытқа дейінгі бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған болатын.

Аралық салмақтағы кездесу үш раундқа шақталғанымен бірінші раундта-ақ Қуат Хамитовтың тұншықтыру тәсілінің арқасында оның жеңісімен аяқталды.

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби спорт жолындағы жиырма төртінші жеңісіне қол жеткізді, ал Василий Бабинцев жетінші мәрте ұтылды.

Еске сала кетейік, мұның алдында қазақстандық спортшы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде украиналық Зака Фатуллазадемен (19-12) жұдырықтасады делінген еді. Бірақ ол Қазақстанға жолға шығар алдында визадан проблема туындап, жарысқа келе алмады.