Елорда • 11 Қыркүйек, 2022

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Cъезіне арналған жиналыс өтті

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Байкеннің төрағалығымен діни бірлестік өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Cъезіне арналған жиналыс өтті

«Алдағы аптада елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Съезд шеңберінде әлемнің 50 елінен 108 делегация, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысады деп күтілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев съезді қазіргі жағдайда өткізудің маңызы жоғары екенін ерекше атап өтті», деді әкім орынбасары Е. Байкен. 

ф

Іс-шараның ашылуында мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен тұрақты бірлескен жұмысын ұйымдастыру мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың дамуына және елордадағы жалпы діни жағдайға оң әсер ететінін атап өтті. 

Сонымен қатар, кездесу аясында Президенттің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. Діни бірлестік басшылары мемлекет қызметінің әлеуметтік, рухани және мәдени салаларын нығайтуға бағытталған Президент ұсынған бастамаларды бірауыздан қолдады.