Елорда • 11 Қыркүйек, 2022

Алтай Көлгінов апта сайынғы азаматтарды қабылдауын өткізді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында қала тұрғындарының азаматтарды жеке қабылдау кезінде қандай сұрақтар қойғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алтай Көлгінов апта сайынғы азаматтарды қабылдауын өткізді

«Біз апта сайын азаматтарды қабылдауды жалғастырамыз. Қалалықтардан келіп түсетін мәселелердің маңызды бөлігі - тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй салуды жалғастырамыз, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, тұрғын үй сертификаттарының сомасын ұлғайттық, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санатын кеңейттік және т. б. », деп жазды Алтай Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, қалада 200-ден астам апаттық үй бар. Соңғы үш жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Биыл тағы 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз. Елорда Даму бағдарламасының басталуынан бастап апатты үйлерден 4 мың 200 отбасы көшірілді. 

«Сонымен қатар, тұрғын үй кешенін жөндеу және лифтілерді ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргіземіз. Мысалы, азаматтардың қабылдауында тұрғындар лифтілерді ауыстыру мәселесі бойынша жүгінді (Күйші Дина көшесі, Алматы ауданы). Үйдегі лифтілердің бір бөлігі ауыстырылды, басқалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған дейін біз 80 лифтіні жаңарттық, биыл тағы 40 лифтіні жаңартуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 30 лифт ауыстырылады деп жоспарланып отыр», деп жазды елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20