Елордада 28-29 қыркүйекте Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

EXPO көрме орталығының алаңында халықаралық және қазақстандық ІТ-компаниялар жұмыс іздеушілерге ақпараттық технологиялар, Data science, blockchain саласы бойынша 500-дей вакансия ұсынады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі ұйымдастырып жатқан бұл жәрмеңкеде 20 шақты компания жұмыс іздеушілерге жоғары технологиялар саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы айтып, ұйымдары жайлы толыққанды ақпаратпен бөліседі.
«Digital Bridge 2022 ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі – HR-мамандар, ІТ саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық және қазақстандық рекрутерлер бас қосып, кәсіпқойларға, фрилансерлер мен жас мамандарға жұмыс орнын ұсынатын карьералық мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде әркім өзі мақсат еткен қызметіне қол жеткізіп, армандарын жүзеге асыра алады», дейді Astana Hub атқарушы кеңсесінің директоры Дания Ахметова.
ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі жұмыс орнын ауыстырғысы келетін кәсіпқойларға, жаңа жобаларға қатысқысы келетін фрилансерлерге, жас мамандарға және ЖОО, бағдарламалау мектептерінің тәжірибе жинағысы келетін студенттеріне арналған. Олар Epam, Sergek, Beeline, Kazdream, Documentolog, Tech Culture, ҰАТ, Қазақтелеком, Mytona, Freedom Finance, Halykbank, 2GIS, Coursera, KASPI, Huawei, Astana Hub және т.б. ірі компаниялардың ұсыныстарын қарастырып, жұмысқа орналаса алады.
Айта кету керек, бұл жәрмеңкеге компаниялар да, жұмыс іздеушілер де тегін қатыса алады. Тек digitalbridge.kz сайты арқылы тіркеуден өтсе жеткілікті.
«ІТ индустриясындағы кадрларға деген сұраныс күн сайын артып келеді, сондықтан компанияларға үнемі ІТ-мамандар қажет. Тек қана кәсіпқойларды емес, әлеуетті жас мамандарды да жоғары жалақы және қолайлы жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге дайын. Бұл орайда ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі жұмыс іздеушілерге ғана емес, жұмыс ұсынушыларға да тиімді. Мысалы, биыл жазда өткен осындай жәрмеңкеге қатысқан біздің компания бірнеше қызметкер тапты, қазір олар бізде жап-жақсы жұмыс істеп жатыр», дейді Kazdream ІТ-компаниясы бөлімінің басшысы Мария Бережная.
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Түркі тілдерін танитын технология
Технология • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:30
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Ұқсас жаңалықтар