Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Алматы тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған 57 жастағы алаяқ әйел Алматы тұрғындарына арзан бағамен пәтер сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, А. есімді азаматша өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің кепіл мүлкімен жұмыс істеу бойынша қызметкері ретінде таныстырып, Алматыда жоқ пәтерлерді сатқан.

Мегаполистің бірнеше тұрғыны полицияға жүгінгеннен кейін аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп, алаяқтың кім екені анықталды.

«Күдікті пәтерлерді арзан бағамен сату сылтауымен төлем жасауды талап етті. Жәбірленушілердің айтуынша, депозит сомасы пәтердің суреттеріне байланысты болды. Алаяқ 3 бөлмелі пәтер үшін 70 мың доллар, 1 бөлмелі пәтер үшін 17 мың доллар сұраған. Ақшаны алып алғаннан кейін «кәсіпкер әйел» байланысқа шығуды тоқтатқан. Ал алданған азаматтар уәде етілген тұрғын үйді ондаған жылдар бойы күтті. Нәтижесінде қылмыскер қолға ұсталды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осындай 4 эпизодқа қатысы бар-жоғы анықталды. Залалдың жалпы сомасы анықталуда», деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Айыпталушыға қатысты тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.