Әлем • 12 Қыркүйек, 2022

Иракта жол-көлік оқиғасынан 11 адам қаза тапты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирактың Бабил провинциясында жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан 11 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иракта жол-көлік оқиғасынан 11 адам қаза тапты

Бұл туралы Керманшах Қызыл Жарты ай ұйымы басшысының орынбасары Тахир Дуруди мәлімдеді. 

Оның айтуынша, көліктер соқтығысқаннан кейін автобус ішіндегі газ баллоны жарылған. Олар діни мерекеден келе жатқан. 

Жол апаты салдарынан кімдердің қаза тапқаны әзірге белгісіз. Жаралылар Ирактағы ауруханаларға жатқызылды.