Бехор Барухтың жалпы редакциясымен шыққан қасиетті кітаптың Эрец Исраэльде 1997 жылғы түпнұсқасы орыс тіліне аударылған. Еуразия ұлттық университетінің профессоры Нұртас Иманқұлов аудармаға 5 жыл жұмсаған.
Айта кететін жайт, аталған еңбек Нұр-Сұлтан қаласында 14-15 қыркүйек күндері өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында жарық көріп отыр.
«Тәурат» сөзінің түбірі оқыту, тәрбие, нұсқау және заң деген мағынаны білдіреді. Кітап дін саласының қызметкерлеріне, дінтанушы ғалымдарға және дінге қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.
Тәуратты тұңғыш рет қазақ тіліне аударған профессор Нұртас Иманқұлов – көптеген кітаптың авторы. Оның туындыларының қатарында «Еврейлер тағылымы» және «Қазақия философиясы» басылымдары бар.