Спорт • 13 Қыркүйек, 2022

Екі ойында – сегіз гол

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында өткен «Қызылжар» мен «Ордабасы» және «Тұран» мен «Қайрат» арасындағы соңғы екі ойынды тамашаладық.

Екі ойында – сегіз гол

Петропавлда «Қызылжар» Шымкенттің «Ордабасысын» 4:0 есе­бімен ойсырата ұтты. 12-минутта Максим Чиканчи алғашқы гол­ды соқса, үзілістен кейін де алаң иелері қарқындарын бәсең­дет­кен жоқ. Нәтижесінде, Мусса Коне, Валерий Каршакевич және Элгуджа Лобжанидзе нысананы дәл көздеді. Осы жеңістің арқа­­сында ұпай санын 21-ге жеткізген Солтүстік Қазақстан облы­сының өкілдері жарыс кестесінде 11-орынға көтерілді. Оңтүстік өңірінің ойыншылары 7-сатыға жайғасты.

Түркістанда өткен бәсекеде «Қайрат» «Тұранды» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында алматылықтардың сапындағы бразилиялық легионер Жоао Пауло хет-трик жасады. Ол қарсыластарының қақпасын 33, 41 және 60- минуттарда дәл көздеді. Алаң иелері арасынан Олжас Керімжанов 78-минутта гол соқты. Осы кездесуден кейін 30 ұпайды қоржынға салған «Қайрат» бір сатыға жоғарылап, 5-орынға көтерілді.