Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022

«Сбербанк Қазақстанның» атауы өзгереді

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Сбербанк Қазақстан» ребрендинг өткізіп, «Береке» атауын алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сбербанк Қазақстанның» атауы өзгереді

Бұл туралы Шарлапаев Shishkin_like арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ребрендинг міндетті түрде болады.

«1 қыркүйекте меншік құқығын беру бойынша транзакцияны жауып тастадық. Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Бұл қазақтың жақсы сөзі, себебі қазақтар бір-біріне әрдайым береке мен молшылық тілеп отырады. Біз де бұл құндылықтарды сақтай отырып, әрі қарай жұмыс істей береміз», деді Қанат Шарлапаев өз сөзінде.