Қоғам • 13 Қыркүйек, 2022

Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады

2022 жылдың 7 айында Қытай Қазақстан Республикасымен саудада 1-орында (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда). Сыртқы тауар айналымындағы Қытайдың үлесі 22,6 %-ды құрайды.

Тауар айналымының көлемі 13,5 млрд долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3 %-ға артық, өткен жылы ол 9,7 млрд долларын құраған.

Тауар айналымының көлемі тауарлар экспортының 52 %-ға өсуі есебінен ұлғайды.

Қазақстанның Қытайға экспорты осы жылдың 7 айында 8 млрд АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 52 %-ға өсті. Мысалы, өткен жылдың 7 айында экспорт 5,3 млрд долларын құраған.

Экспорттың негізгі өсуі минералдық өнімдердің 84,2 %-ға ұлғаюы есебінен байқалады (2022 жылдың 7 айында – 5,1 млрд. АҚШ доллары,  2021 жылғы 7 айында – 2,8 млрд. АҚШ доллары), соның ішінде отын-энергетикалық тауарлар экспорты 2,2 есеге артты.

Қазақстанның Қытайдан импорты 5,5 млрд АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,6 %-ға өсті. Өткен жылдың 7 айында импорт 4,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Импорттың негізгі өсуі келесі тауар топтары бойынша байқалады:

- машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар 19,4%-ға өсті

- химия өнеркәсібінің өнімі 64,7 %-ға өскен

- металдар және олардан жасалған бұйымдар 53 %-ға жетті.