Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

407 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғандардан 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

407 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

Биыл көші-қон саласының қызметкерлері ел аумағында болу заңнамасын және басқа да әкімшілік құқық бұзған бес мыңнан астам шетелдікті жауапкершілікке тартқан. Тәртіп сақшыларымен әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, 407 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды.

Бұдан бөлек, тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылған.