Президент • 14 Қыркүйек, 2022

Санкциялар қаупі мен күш қолдану ешқашан мәселені шешпейді - Президент

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санкциялар қаупі мен күш қолдану ешқашан мәселені шешпейді - Президент

Ерлан Омаров «Egemen Qazaqstan»

«Соңғы бірнеше онжылдықтардағы табиғи апаттар, әсіресе климаттың өзгеруімен және олардың салдарымен байланысты өзгерістер шамамен 3 трлн АҚШ долларына бағаланды. Оған қоса, өкінішке қарай, сенімсіздік, шиеленістер мен қақтығыстар халықаралық қатынастарға қайта оралды», деді Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы санкциялар мен күш қолдану ешқашан мәселені шешпейтінін айтты.

«Бүгінгі сын-қатерлермен күресу үшін біз не нәрсеге сүйене аламыз? Тарих бір ғана жауап береді – ізгі ниет, диалог және ынтымақтастық. Табысқа жетудің басқа баламасы жоқ. Қазақстан әрдайым келіспеушіліктерді БҰҰ Жарғысы рухында келіссөздер үстелінде реттеуге тырысты. Санкциялар, санкциялар қаупі және күш қолдану ешқашан мәселені шешпейді», деді Қ. Тоқаев.