Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2022

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда мемлекеттік және жеке сатып алуға қатысатын инвестициялық компания ретінде жасырылған «Qazgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаментінің ақпараты бойынша, ұйымдастырушылар сенімгерлік азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасынан 5-тен 30 пайызға дейін сыйақы беруге уәде бере отырып, тендерлік жобаларға өз қаражаттарын енгізуді ұсынған.

Департаментте атап өткендей, салымшылардың жалпы саны 100-ден астам адамды құрайды. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.

Аталған қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты екі айға дейінгі мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.