Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2022

Түркістан облысында браконьерлерден жүз келіге жуық балық тәркіленді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында браконьерлерден жүз келіге жуық балық, үш гарпун және екі сүңгуір костюмі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында браконьерлерден жүз келіге жуық балық тәркіленді

Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейлері кезекті рейд барысында Шардара су қоймасында гарпунды пайдаланып заңсыз балық аулаған екі жергілікті тұрғынды анықтады. Браконьерлерден 100 келіге жуық балық, 3 гарпун және 2 сүңгуір костюмі тәркіленді. Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша тіркелді.

«Жыл басынан бері облыста барлығы 32 экологиялық қылмыс жасалған. Олардың ішінде балық аулау, жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану, өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерін заңсыз аулау және өндіру жатады. Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулауға қатысты 18 қылмыстың жолын кесті, оның ішінде 14 іс сотқа жолданды», деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ браконьерлерден 3 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық, 33 қайық, 4 борттық мотор және заңсыз балық аулауға арналған 44 түрлі құрал тәркіленді.