Елорда • 14 Қыркүйек, 2022

Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар бөлінеді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында елордада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде гранттар бөлінеді. 19 қыркүйекте грант алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар бөлінеді

IV лекте 340 өтінімді қабылдау жоспарланып отыр, оның ішінде 224-і - жастар үшін және 116-сы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қарастырылған.

Өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.

Биыл гранттар халықтың нақты бір топтары үшін ғана көзделетінін айта кету керек. Олар:

  • 29 жасқа дейінгі жастар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • көпбалалы отбасы мүшелері - көпбалалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
  • асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • қоныс аударушылар, қандастар;
  • жұмыс істей алатын мүгедектігі бар жандар;
  • асыраушысынан айрылған адамдар - асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар;
  • мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын тәрбиелеп отырған адамдар жатады.