Экология • 14 Қыркүйек, 2022

Елордада «Бірге таза Қазақстан» экоайлығы өтеді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қысқы кезеңге дайындық және жасыл желектерді отырғызу бойынша «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық күзгі экоайлық өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Бірге таза Қазақстан» экоайлығы өтеді

Жыл сайын өткізілетін экойлықта коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар қоғамдық аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру, көгалдандыру объектілерін (саябақтар, скверлер, аллеялар) жөндеу және қалпына келтіру, кварталішілік абаттандыру, балалардың ойын және спорт алаңдарын жабдықтау, төселген тастарды, жиектастарды, шағын сәулет нысандарын қалпына келтіру, көпірлер мен жол өтпелерінің құрылымдарын, қоршауларын жуу, аялдамалардағы павильондарды жөндеу және тазалау, контейнер алаңдары мен қоқыс контейнерлерін санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Экологиялық айлық аясында 10 мыңнан аса жасыл желек отырғызу жоспарланған.

Айта кетсек, 17 қыркүйек күні елордада жыл сайынғы «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтеді.

Акцияның мақсаты - қоғам назарын табиғатты сақтаудың маңыздылығына аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

ва