Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022

Волонтерлер тартуы

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын мұнайлы шаһар маңында бірнеше ауылдық округ бар еді. Соның қатарындағы Геолог округі әкімдігі таратылып, Атырау қаласының аумағына шағын аудан ретінде енді. Жақында волонтерлер аталған шағын аудан балаларына ойын алаңын салып берді.

Волонтерлер тартуы

– Біз балалар алаңын ашуға қаржы жинауды қолға алған едік. Қайырымды жан­дар­­дың көмегімен 65 млн тең­ге жиналды. Ал Атырау қа­лалық әкімдігі Геолог шағын ауданы­нан жер телімін бөлуге көмектесті. Бұл жобаны екі ай ішінде жүзеге асырдық. Осы­лайша, Балалар жылына өз үле­сімізді қосуды, балаларға сый жасауды жөн көрдік, – дейді еріктінің бірі Владимир Ким.

Оның айтуынша, бала­лардың ойын алаңын ашатын орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Қаланың әр шағын ауда­­нындағы тұрғындар, оның ішінде балалар санына зерттеу жүргізілді. Бұған жергілікті әкімдіктің өкіл­дері де қатысты. Еріктілер дрон­мен әуеден барлау жасап, Гео­­лог шағын ауданына бала­лар алаңы қажет­тігіне көз жеткізді.

– Бұл – біздің балаларымыз үшін керемет сый. Бұ­рын балаларымыздың қауіп­сіздігіне алаңдаушы едік. Енді балаларымыз бос уақытын ойын алаңында өткізетініне қуанып отырмыз. Әсіресе бала­­ларымыздың қуа­ны­шын­да шек жоқ, – дейді Гео­­лог шағын ауда­нының тұрғыны Кәкима Омарова.

Ал еріктілер мұндай жобаны жалғастыруды көздеп отыр.

 

Атырау облысы