Әлемдік саясатты басқаратындар бұл туралы ойланып, жанашырлық танытуға тиіс деп санаймын. Дін көшбасшылары өз кезегінде қақтығыстар мен соғыстарды алдын алу үшін үндеулер мен уағыздар арқылы бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастыруға күш-жігерлерін жұмсау қажет. Қасиетті Құран Кәрімде айтылғандай «Алла Тағала жер бетінде тәртіп орнатты, сендер онда зұлымдық жасамаңдар». Қасиетті кітапта «Барлық дін адамзатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен құрмет рухын оятады», делінген сондай-ақ онда апат, дағдарыс пен сынақтар туралы ескерту бар.
Біз бастан кешкен гуманитарлық дағдарыстар – қақтығыстар мен соғыстардың салдары. Мәселен, Әзербайжан 30 жылдық оккупацияны аяқтап, әлемдік қауымдастық мойындаған аумақтық тұтастығын қалпына келтіргеннен кейін Қарабақты жаулап алу кезінде жерлері өртеніп, су қоймалары ластанды. Вандализм, зорлық-зомбылық әрекеттерімен мәдени және рухани мұралары жойылды, сансыз жарылған миналар қазір халықтың ата-бабаларының жерлеріне қайта оралуға кедергі келтіріп отыр.
Қазіргі әлемнің қауіп-қатерлерін алдын алуға және қоғамның мәселелерін шешуде мемлекеттік, қоғамдық және діни қайраткерлердің ынтымақтастығы арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатынын сеніммен айтамын. Әзербайжан халқының атынан бауырлас Қазақстанның басшысына осындай пікір алмасуға мүмкіндік туғызғаны, маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, қонақжайлылық танытқаны үшін зор алғысымды білдіремін. Бауырластық рухындағы кездесуіміз бейбітшілікке, әділеттілікке, рухани дамуға және адамзаттың ортақ мүдделеріне қызмет етеді деп сенемін.
Шейх Уль-Ислам Аллахшүкір ПАША-ЗАДЕ,
Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы