2017 жылы Санкт-Петербургте 137-ші Ассамблея отырысын өткіздік. Сол кезде дінаралық және этносаралық диалог құру, мәдени плюрализмді ілгерілету тақырыбында құрылған қорытынды құжатта парламент мүшелері мәлімдеме жасады. Бұл құжатта конвенция, мәдениет және этносаралық топтармен диалог құру қоғамды бейбітшілікпен пен мәдени плюрализммен дамытуда қажетті алғышарттары болып табылатыны айтылған.
Біз әлеуметтік, саяси-экономикалық және экологиялық, идеологиялық саладағы дағдарыстармен күресу үшін де жұмыс істейміз. Сондай-ақ діни кемсітушілікпен, расизммен және ксенофобиямен күресті одан әрі күшейте отырып, діни бостандықты шектеуге қарсы тұрамыз. Сонымен бірге әділетті қоғам құрудағы негізгі шартымыз ашықтық болып саналады. Бұл қай кезде де өте өзекті шарттардың бірі болып келді. Мәселен, біраз адам діни лидерлердің сөздерін не үшін өздеріне маңызды шарт деп қабылдайды? Себебі олар бұл жерде рухани рөлді атқарып отыр. Ал біз нормативтік тұрғыдан актілермен қамтамасыз етеміз. Оған ар-ождан, дін, діни наным-сенім бостандығын қамтамасыз ету кіреді.
Қазір Халықаралық Парламентаралық одақ рухани, діни дамудың маңызы туралы ауқымды баяндама әзірлеп жатыр. Сонымен бірге бейбітшілік үшін зорлық-зомбылықтың барлық түрімен күресу де – біздің алға қойған мақсатымыздың бірі. Бүгінде діни оқу ағарту ісі де маңызды. Егер қоғамның барлық жіктері осыны жан-жақты ұғынса, оның ішінде діннің маңызын түсінетін болса ол біздің үлкен жеңісіміз болмақ. Өйткені бірлік болған жерде тірлік те бар.
Дуарте ПАШЕКУ,
Парламентаралық одақтың президенті