Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2022

Дін өкілдері арасында алауыздық жоқ

7032 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік дін көшбасшылары жиналған съезге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе, Қазақстанның ғажайып жерінде, барлық этностың арасында өзара құрмет орнаған жерде болу – зор құрмет.

Дін өкілдері арасында алауыздық жоқ

Пәкістанда мұсылмандармен қатар түрлі дін өкілдері тұрады. Барлығы өзара түсіністікпен өмір сүруде. Олардың құқықтары мен өз міндеттері бар. Пәкістанның Конституциясында мұсылман емес халықтар да еркін өмір сүре алады делінген. Яғни олар өз діндерін, мәдениеттерін дамыта алады. Ал Пәкістандағы мұсылман өкілдері 1953 жылғы 22-ші декларацияға сәйкес әрекет етеді. Онда мұсылман емес елдермен қарым-қатынас өте маңызды делінген. Оны Пәкістан ұлты жоғары құрмет тұтады. Өзге ұлт өкілдері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларда көптеп қызмет етеді, олардың құқықтары – барлығымен тең дәрежеде.

Пәкістан жуырда аз ұлттардың ұлттық қауымдастығын құрды. Оған хинду халқының лидері Хиндо Лоран басшылық етеді. Онда дінаралық келісім маңызды рөл атқарады.

Қазақстанмен де біз өзара тығыз қарым-қатынас орнаттық. Әлемдік дін өкілдерінің осында жиналуы кездейсоқтық емес, өйткені Қазақстан – тұрақтылық пен бейбітшілік орнаған ел. Бүгінгі басқосу әлемдегі діндердің өзара ынтымақтастығын одан әрі жалғайды деп сенім білдіремін.

 

Кибла АЙАЗ,

Пәкістан Республикасы Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы