Өзіміз куә болғандай, пандемия кезінде жаңа шиеленістер пайда болды және оқшаулану кезінде диалог кеңістігі азайғанын түсініп, мойындауымыз керек. Сондықтан пандемиядан кейінгі кезеңде әлем мен адамзаттың саяси-әлеуметтік дамуындағы діндердің, діни көшбасшылардың маңыздылығын назарға алып, бірлесе жұмыс істейтін уақыт жетті. Біз жаңа күн тәртібін құруға тиіспіз.
Қазақстан – Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі төзімділіктің, бейбітшілік пен келісімнің үлгісі. Қазақстан халқы көпұлтты және көпконфессиялы ел құру үшін өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта біз алуантүрлілікті бірлікке жетудің құралы ретінде қарастырамыз. Діни және, әсіресе әлеуметтік бірлікке қол жеткізу үшін мемлекет пен Үкімет көптеген бағыт бойынша барынша батыл шаралар қабылдауға тиіс.
Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ,
ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары