Қоғам • 15 Қыркүйек, 2022

Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Рим папасының қолынан медаль алды. Бұл жаңалықты Димаш өзінің инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайлы Egemen.kz.

Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды

«Рим папасы, берген бата-тілегіңіз бен естелік сыйлығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын», деп жазды Димаш.

ф

Еске сала кетейік, Рим Папасы Франциск 13 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Понтификті елорда әуежайында Мемлекет басшысы жеке өзі қарсы алып, олар азаматтық қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен бірге кездесу өткізді. Рим Папасы 14 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Vll съезінің ашылуына қатысты. Сонымен қатар, понтифик елордада месса өткізді.