Әлем • 15 Қыркүйек, 2022

Швеция премьер-министрі отставкаға кетеді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон 11 қыркүйекте өткен парламенттік сайлаудан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz 

Швеция премьер-министрі отставкаға кетеді

Магдалена Андерссон Швецияда өткен парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оңшылдар парламенттегі 349 орынның 176-сына, ал орталық-солшылдар 173 орынға ие болды. 

Ол бүгінгі баспасөз мәслихатында премьер-министр қызметінен кететінін және жаңа үкіметте оппозициядағы социал-демократтарды басқаратынын айтты. Жаңа үкіметті құру кезінде Андерссон уақытша министрлер кабинетін басқарады.

DW басылымының хабарлауынша, оның орнына Ульф Кристерссон келуі мүмкін. Ол қазірдің өзінде жаңа үкіметті құруға кірісетінін мәлімдеп отыр.