Әлем • 16 Қыркүйек, 2022

ҰҚШҰ Бас хатшысы қырғыз-тәжік хатшыларын келіссөз жүргізуге шақырды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚШҰ Бас хатшысы Қырғызстан және Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшыларымен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚШҰ Бас хатшысы қырғыз-тәжік хатшыларын келіссөз жүргізуге шақырды

ҰҚШҰ Telegram арнасында хабарлағандай, бүгін ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Қырғызстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Иманқұловпен және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзодамен қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты телефон арқылы сөйлесті.

«Келіссөздер барысында тараптар қақтығысты тек бейбіт жолмен шешу үшін дереу атысты тоқтату және құзыретті органдар желісі бойынша қалыптасқан жағдай туралы келіссөздер жүргізу қажеттігін айтты», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 14 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды.