Қоғам • 16 Қыркүйек, 2022

Қазақстан жаңа демократиялық үлгіге көшті - Ерлан Қарин

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Парламент депутаттары қабылдаған конституциялық өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан жаңа демократиялық үлгіге көшті - Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесшінің айтуы бойынша, Парламент қабылдаған саяси реформалардың пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық үлгіге көшкенін білдіреді. Бұл үлгіде Президент бір мерзімге қайта сайлану құқығынсыз сайланады. Оның үстіне бұл норма өзгеріссіз қалады және қайта қарауға мүмкін болмайды.

Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімі президенттік және парламенттік өкілет мерзімдерінен ұзақтау болмақ.

«Бұл реформалардың пакетін бұрын іске асырылған конституциялық реформамен бірге қарау қажет: жаңа Конституциялық сот институты құрылды; бір мезгілде Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, Президенттің өкілеті қысқартылды; аралас сайлау жүйесі енгізіліп, партияларды тіркеу рәсімін оңайлады; өңірлердің дербестігін күшеймек», деп жазды ол өзінің телеграм каналында.

Ерлан Қариннің пікірінше, енді саяси институттарды қайта іске қосу қажет. Ал ол үшін президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу керек.

«Мұның бәрі, түптеп келгенде, мемлекеттік құрылымның институционалдық келбетін билік тармақтарының арасында барынша теңгерім қалыптастыра отырып түзеді. Жаңа мемлекеттік модель биліктің ұдайы ротациялануын, саяси жүйенің болжамдылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекетіміздің одан әрі дамуын тек демократиялық бастауларда, саяси бәсекелестік негізінде баянды етеді. Басқаша айтқанда, реформалардың жаңа пакеті саяси жүйенің өзгеру процесін аяқтайды. Енді барлық негізгі саяси институттарды (Президент, Парламент, мәслихаттар, Үкімет) қайта іске қосу міндеті тұр. Оның бірінші кезеңі Жолдауда жарияланған президенттік сайлау болады», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.