Қаржы • 16 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы тағы өсті

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 477,12 теңгені құрап, тағы 2,52 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы тағы өсті

Ресей рублінің орташа бағамы 7,89 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа бағамы көтеріліп, 68,10 теңгені құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 473,81 теңгеге белгілеген.

Айырбастау пункттерінде долларларды 474-478 теңгеден, еуроны - 474-482 теңгеден сатып алады/сатады.

Рубль - 7,4-7,8 теңге.

Сонымен қатар бүгінгі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы да өсті.

Сонымен, Brent-тегі қараша фьючерстері 0,39%-ға, барреліне 91,19 долларға дейін қымбаттады.

Қазан айындағы WTI фьючерстері 0,24%-ға, барреліне 85,3 долларға дейін өсті.