Спорт • 17 Қыркүйек, 2022

Қазақстан әлем чемпионатының тағы бір медалін иеленді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшылардың қоржынын еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков толықтырды. Ол осы күндері Белград кілемінде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін күресті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан әлем чемпионатының тағы бір медалін иеленді

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем біріншілігінің үшінші орны үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық Пуэрто-Рикодан келген спортшы Этан Рамоспен күресіп, 10-0 нәтижесімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұған дейін, 2022 жылғы әлем чемпионатында грек-рим стилінің өкілі Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған еді.

Ал әйелдер күресінен спортшы Жәмилә Бақбергенова 76 келіге дейінгі салмақта күміс медальға ие болды.