Тәжік тарапынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың жалпы саны туралы ақпарат хабарланған жоқ. Бір күн бұрын Тәжікстан ҰҚК төрт әскери қызметкердің жараланғанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды.
Бұған дейін Қырғызстанның Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Қырғызстанның шекаралас аудандарынан 137 мыңға жуық адам эвакуацияланды.
17 қыркүйекте Қырғызстан президенті ұлтына үндеу жасап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.