16 Мамыр, 2014

Айқындық бағытындағы бастама

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президент жанындағы Ор­талық коммуникациялар қыз­ме­тінде дәстүрлі брифинг өтті. Өң­деу­ші салалардың айқындығы баста­масының «Қазақстанда қол жет­кізілген нәтижелері мен оны әрі қарай жүзеге асыру жоспары» тақырыбына арналған басқосуға Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев, Өңдеуші салалардың айқындығы бастамасының (ӨСАБ) басқарма төрағасы Клер Шот және Парламент Мәжілісінің де­­пу­та­ты Айгүл Соловьева қ­атыс­ты. Өңдеуші салалардың айқын­ды­ғы бастамасының негізгі мақ­саты өңдеуші сектордағы компа­ния­лар табысының халыққа қолже­тімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміз 2005 жыл­дан бастап бұл бастама бой­ын­ша міндеттемелерді алға қой­ды. Осыған сәйкес, Ұлттық кеңес құ­рылып, арнайы есепті­лікті қалып­тастыруды қолға алды. Ақпа­раттар барлық жерде жария­ланады. Мәселен, ком­па­ния­лар­дың өнім көлемімен одан түскен пайданы жұмсау тетіктері мен жолдары, көлемі көрсетілген. Аза­маттарымыз еліміздегі компа­ния­лардың табыс­тары жөнінде осылайша ақпаратқа қол жеткізе алады», деді Индустрия және жаңа тех­нологиялар вице-министрі Н.Сауранбаев. ӨСАБ Қазақстанда жүзеге асы­рудың халықаралық, саяси және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы дәрежесі бар, со­нымен қатар, ол компаниялар мен Үкіметтің өңдейтін сек­тор­дағы табыстарының халыққа қол­жетімді айқындығына бағыт­талған. 2013 жылдың қазан айында ӨСАБ халықаралық басқармасы Қазақстан ӨСАБ барлық талаптарына сәйкес келеді деп жоғары бағалап, ӨСАБ «ұстанушы елдің» мәртебесін берді. ӨСАБ-ты 39 мемлекет енгізсе, оның ішінде «ұстанушы ел» деген ең жоғары мәртебені 27 мемлекет иеленген. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Моң­ғолия, Пәкістан, Албания, сондай-ақ, Африка құрылығынан Замбия, Мозамбик, Нигерия, Камерун, Гана, Конго, Либерия сынды көптеген мемлекеттер мен Латын Америкасының Перу, Гватемала елдері бар. Ұлттық кеңес осындай жоғары мәртебені алу үшін бастаманы Қазақстанда енгізгелі қыруар жұмыстар атқарылған. Оның ішінде Ұлттық кеңестің құрамы өзгертіліп, оны Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев басқарады. Сондай-ақ, ӨСАБ-ты жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспары жаңартылса, енді ол 2015 жылға дейінгі шараларды қамтиды. Өткен жылдың 9 қазанында ӨСАБ бойынша V ұлттық конференцияның барысында барлық тараптар қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум қабылданған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».