Олжас Ағабеков 1984 жылы 30 шілде күні Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да менеджер лауазымынан бастаған.
Сондай-ақ «Алматы электр станциялары» АҚ, «KEGOC» АҚ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап 2022 жылдың қыркүйегіне дейін – Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі департаменті директорының орынбасары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры болып қызмет атқарған.