Әлем • 19 Қыркүйек, 2022

Қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккендер саны 163-ке жетті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде зардап шеккен адамдардың саны 163-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Қырғыз-тәжік шекарасында зардап шеккендер саны 163-ке жетті

«Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына түскен зардап шеккендердің жалпы саны 163 адамды құрады», деп хабарлады Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі.

Дәрігерлердің мәліметінше, өткен түні зардап шеккен 19 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 12-сі амбулаториялық емделуге жіберілді.

Стационарларда 144 адам жатыр. Зардап шеккендердің көпшілігі Бішкек және Оша Денсаулық сақтау ұйымдарына ауыстырылды.

Еске сала кетсек, 14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды. Тараптар бір-бірін араңдатушылық жасады деп айыптап отыр.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қарулы қақтығыстардың салдарынан 59 адам қаза тапқан. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі қақтығыс аймағынан 136 мыңнан астам азамат эвакуацияланғанын хабарлады.

Айта кетсек, Садыр Жапаровтың жарлығымен 19 қыркүйек Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.