Іс Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында қаралады.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысты екені анықталды.
Ал 24 тамызда Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бұл іске бес күдікті қатысты. Оның бірі қамауда, екеуі үйқамақта.
Тергеу барысында сотталушылардың заңсыз иемденген мүлкі мен жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам қаражаты мемлекетке қайтарылды.
Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.