Президент • 19 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентіне көңіл айтты

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға және тәжік халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан тәжік-қырғыз шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.