Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022

Мегаполисті дамытуға – 6 трлн теңге

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қалалық мәслихатының XXV сессиясында «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» бағдарламасы бекітілген болатын.

Мегаполисті дамытуға – 6 трлн теңге

Қала әкімі Ерболат Досаев даму бағдарламасын әзірлеу үшін Алматы әкімдігінің қыз­меткерлері және түрлі қызмет салаларының 130-дан астам сарапшысы 5 ай бойы жұмыс істегенін айтты.

«Біз ауқымды жұмыс атқар­дық. Қазіргі стратегиялық жос­парлар мен халықаралық тәжі­рибе, оның ішінде әлемдік мега­полистерді дамытудың басты трендтері мен қағидаттары зер­деленді, сын-қатерлер еске­ріл­­ді, қала тіршілігінің барлық са­л­а­сындағы жағдайға талдау жасал­ды, тұрғындардың мың­даған өтініштері қаралды», деді шаһар басшысы.

Алдын ала есептелгендей, бағ­дарламаны іске асыру үшін 6,1 трлн теңге қажет. Бұл тартыл­ған жеке инвестициялардың ба­сым бөлігін немесе 55%-дан астамын құрайды. Оның ішінде осы үш жылда 1,3 трлн теңге тарту жоспарланып отыр, ал қалған 2 трлн теңгеден астамы – орта мерзімді перспективада 2030 жылға дейін қарастырылмақ.

Е.Досаев 2030 жылға де­йін the Global Livеability Index TOP-70 индексіне енуге тал­пыну керегін жеткізді. Бұл – қа­лалардың жайлылық деңге­йі­нің интегралды индексі. Онда тұр­ғындардың өздері қаладағы өмір сүру жайлылығын 30-дан астам көрсеткіш бойынша баға­лайды. Алматыны аталған индекстен өмір сүру жағдайлары жайлы, әлемнің озық техноло­гияла­ры, инновациялары мен сапалы адами капитал үшін тар­тылыс нүктесі ретінде көру көзделген.

«Алда бізді ең қиын іс күтіп тұр. Бұл – белгіленген жоспарларды тиімді іске асыру мәселесі. Қойылған міндеттерді жоспарлы және кешенді іске асыру үшін жекелеген іс-қимыл жоспарлары қабылданады, жол карталары әзірленеді және жобалық офис­тер құрылады», деді қала әкімі.

Даму бағдарламасында 7 не­гізгі бағыт айқындалған. Яғни жайлы қала, тұрақты эконо­микалық өсу, басқарылатын урбан­далу, әлеуметтік орнық­ты­­лық пен тұрақтылық, Жа­сыл Алматы, Алматы – смарт сити, қауіпсіз қала. Бағдар­ла­ма алматылықтардың ұсы­ныс­­тарына негізделгенін айта кету керек. Биыл шілде айын­да қала тұрғындары даму бағ­дар­ламасының негізгі басым­дықтарына 1 280 түсініктеме жіберген.

 

АЛМАТЫ