Әдетте «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болған жандардың дені үлкен қалаларда тұратын сияқты көрінетін. Мемлекеттің арнаулы стипендиясына қол жеткізу үшін қойылар талаптың жоғары екені даусыз. Ал ауыл мектебін бітіріп, сол ауылда еңбек етіп жүрген жастардың жеңісі «Болашақ» бойынша тек қалада тұрып, оқыған алғыр буын өкілдері ғана білім алады деген түсінікті тас-талқан етіп бұзғандай.

Мәселен, биыл Алматы облысынан екінші жас талап «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегері атанып отыр. Сәл бұрынырақта Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Гүлзия Құманхан «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуға қол жеткізген болатын. Ол енді Американың жетекші оқу орындарының бірі – Оңтүстік Флорида университетінде оқиды.
– Ауылда туып-өсіп, мектеп бітірдім. Үздік оқып, жоғары білім алдым. Одан ауылға оралып, мектепте сабақ бердім. Бала күнгі арманыма осылайша жеттім. Шәкірт тәрбиелеп жүріп, заманның көз алдыңызда өзгеріп, түрленіп отырғанын аңғарасыз. Уақытқа ілесу үшін ізденіс қана емес, тәжірибе де қажет екенін ұғасыз. Оны дамыған елдерден үйренуді ойлайсыз, осылай ой арманға айналады. Менің «Болашақ» стипендиясына құжат тапсыруыма осы арманым түрткі болды. Дайындалдым, алдымен ағылшын тілін үйренуге күш салдым. Әуелі интернет желісіндегі онлайн сабақтың көмегімен ағылшын тілінің бастапқы деңгейін меңгердім, сосын арнайы курстан өтіп жоғары деңгейге өттім. Ерінбей, шет тілін күніне 5-6 сағат бойы оқыдым. Бар ойым IELTS емтиханынан жоғары баға алу болды. Бұйырып, тиісті 9 ұпайдың жетеуін жинадым, – дейді Гүлзия.
Ал күні кеше Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Маржан Ержан «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы жоғары оқу орнының докторантурасында оқитын болды. Яғни енді ауылдан шыққан «Болашақ» стипендианты Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді.
– Ата-анамның жолын қуып, ұстаз болсам деген арман пайда болды. Ауыл мектебінде математикадан сабақ беремін, көпбалалы отбасынан балаларға ағылшын тілін тегін үйретемін. Өзім де ауыл мектебін бітірдім. Шетелде оқуға мүмкіндігім болады деп ойламаппын. «Болашақ» бағдарламасы арқылы отандастарымыз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында академиялық білім алып, ғылыми дәреже алуға мүмкіндік алды. АҚШ-тағы университеттің докторантурасын бітіргеннен кейін еліміздің білім саласын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді, – дейді Маржан Ержан.
Алматы облысы
Франция билігі миграциялық заңдарды қайта қарайды
Әлем • Бүгін, 15:22
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
3 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:24
Өткен тәулікте 100 адамнан коронавирус анықталған
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Президент азаматтарды әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:05
Медицина саласындағы ынтымақтастық
Медицина • Бүгін, 08:58
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қайтқан активтен қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 08:53
Тарих • Бүгін, 08:50
Бюллетеньмен суретке түсудің себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 08:47
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Несие • Бүгін, 08:45
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Мектеп • Бүгін, 08:40
Түркі тілдерін танитын технология
Технология • Бүгін, 08:35
Ұқсас жаңалықтар