Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022

Ас тұзына тапсырыс көп

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индер ауданының аумағында ауқымды тұзды көл бар. «Indertuzcompany» ЖШС тұзды көлден жоғары сапалы ас тұзын өндіруді қолға алды.

Ас тұзына тапсырыс көп

Серіктестіктің техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, 2017 жылдан бері тех­никалық мақсатта қолданылатын тұз өндіріліп келеді. Қазір отандық кәсіпорында жергілікті 10 тұрғын жұмыспен қамтылған. Енді жыл соңына дейін тағы да жергілікті 60 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.   

– Біздің кәсіпорында ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Отан­дық өнім жоғары сапалы, кристалдылығы 99,5 пайызды құ­рай­ды. Ас тұзы 1 килолық дор­баға салынады. Жаңа өнімді Қазақ­станның барлық өңіріндегі тұты­нушыға жіберу жоспарланып отыр. Өйткені йодталған табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Біз ­айына 2 мың тонна ас тұзын өндіруді жоспарлап отырмыз. Қазір отандық тауардың құжат­тары әзірленіп жатыр. Сарап­та­мадан кейін ішкі нарыққа жөнел­те бас­таймыз, – дейді Димат Туғанбай.

Оның мәліметіне сүйенсек, кә­сіп­орында сағатына 20 тонна тұз өңделеді. Қазірдің өзінде Ре­сей Федерациясынан тапсырыс түсіпті.

 

Атырау облысы