Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2022

4 қарашада «Атамекен» ҰКП съезі өтеді

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҰКП Төралқасы съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

4 қарашада «Атамекен» ҰКП съезі өтеді

Съезд  2022 жылдың 4 қарашасында өтеді.

Өтетін орны: Астана қаласы Достық көшесі, 16 үй (The Ritz-Carlton, Astana қонақүйі).

Тіркеу: сағат 9.00-10.00

Съезді өткізу формасы: офлайн (шектеу шараларын енгізген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).

Күн тәртібі:

  1. Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының өңірлік палаталарын құру; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестерінің сандық құрамын айқындау туралы;
  2. ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі:
  • ҚР ҰКП Төралқасының жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау;
  • ҚР ҰКП басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту.
  1. ҚР ҰКП-ның үш жылдық кезеңге арналған (2023-2025 жж.) индикативтік орта мерзімді бюджетін бекіту;
  2. «Аудиторская компания «Учет» ЖШС-ның (Due Diligence қызметтер кешені) ҚР ҰКП қызметіне жүргізген кешенді талдауының қорытындылары;
  3. ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту;
  4. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлау;
  5. ҚР ҰКП 2021 жылғы қызметінің қорытындыларына қатысты жыл сайынғы есепті бекіту;
  6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына ұсынылатын өзгерістерді қоса алғанда, ҚР ҰКП реформалау бойынша ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі шешімінің орындалу барысы;
  7. Әртүрлі мәселе.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы съезд өтетін күнге дейін қатысушылардың атына қосымша жолданады.

Анықтама телефондары: +7(7172) 91-93-90, 1432.