Ресей рублінің орташа бағамы 7,95 теңгеге (+0,03) дейін өсті.
Қытай юанінің орташа бағамы 68,37 теңгеге (+0,41) дейін өсті.
Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық Банк 476,11 теңгеге белгілеген.
Айырбастау пункттерінде долларларды 475-479 теңгеден, еуроны – 476-484 теңгеден, ресей рублін – 7,35-7,7 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен бірге 20 қыркүйектегі сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген жоқ.
Мәселен, Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны бар-жоғы 0,09% - ға өсіп, барреліне 92,08 долларды құрады.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы қазан айында 0,07% - ға, барреліне 85,30 долларға дейін төмендеді.