Президент • 20 Қыркүйек, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялардың тиімсіз тұсын атады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялардың тиімсіз тұсын атады

«Экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамдарға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа нормаға» айналды.

Бұл қиыншылықтар өсіп келе жатқан инфляцияға, жұмыс орындарын жоғалтуға және дамушы елдердің әлемдік экономиканың құлдырауынан үрейленуіне қатысты қазіргі сын-қатерлерді тек күшейте түседі.

Бұл күйзелістер, түптеп келгенде, климаттың өзгеруіне қарсы күресу және орнықты дамуды қолдау жөніндегі біз бәріміз келіскен жедел шаралардың жүзеге асырылуына айтарлықтай кедергі келтіреді», деді Президент.