Мысалы, Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы – Орталық клиникалық ауруханасының (ОКА) хирургтері бальзалиоманы алып тастау үшін сирек операция жасады. Базальды жасушалық карцинома – осындай ісіктердің 45-90%-ын құрайтын ең көп таралған тері ісігі. Жалпы, онкологиялық кеселдер құрылымында бұл ісіктердің статистикасы 86,8%-ға жетіп жығылады.
Өкінішке қарай, оның үстіне бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бальзалиоманың пайда болуына қоршаған ортаның ластануы, озон қабаттарының тесілуі, күн өту сияқты факторлар себепші. Көбінесе ауру өткір күн сәулесінің әсерінен, яғни тері мен күннің әрекеттесуінен пайда болады. Бұл кесел көбінесе 50 жастан асқан адамдарда кездеседі десек те, 20-49 жас аралығындағы адамдардан да табылып жатыр. Базальды жасушалық карцинома ерлер мен әйелдерде бірдей жиі дамиды. Ісіктің өршуі әдетте терінің күн түсетін ашық жерлерінде, яғни мұрын, мұрын-ерін қатпарлары, периорбитальды және периорбитальды аймақтарда, құлақтың ішінде, бас терісінде, маңдай мен мойында пайда болады.
ОКА хирургтері сирек операцияны Семей қаласының тұрғынына жасады. Науқастың басы түгел зақымдалып ауруы тым асқынып кеткендіктен, басқа емханалардың дәрігерлері оны емдеуден бас тартқан. Хирургтер науқастың бас терісіне трансплантация жасау арқылы қалпына келтірді.
– Бұл бір жағынан тым күрделі косметикалық операция болғандықтан, оны барынша мұқият жасау қажет болды. Операция үш сағатқа созылып, біз оның бас терісінің диаметрін 8 сантиметрге дейін өзгерттік, шаш сызығын сақтап қалдық. Санаулы күндерден соң бұл әйел үйіне қайтады, – дейді медицина ғылымдарының кандидаты, хирург Марат Ахетов.
АЛМАТЫ