Елорда • 21 Қыркүйек, 2022

Елордада «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» көрмесі ашылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» Халықаралық көрмесі ашылды. EXPO көрме орталығында өтіп жатқан іс-шарада отандық және шетелдік компаниялар заманауи технологиялар мен жаңа жабдықтарын көпшілік алдына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» көрмесі ашылды

Көрмені ашу салтанатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев сөз сөйлеп, барлық шара қатысушыларын кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

«Өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуды ынталандыру барлық мүдделі елдердің игілігі үшін оңтайлы септігін тигізеді. Біздің өзара тиімді кооперация одан әрі дамуымыз үшін тұрақты тірек болатынына үміттімін», деп атап өтті министр.

ү

Халықаралық көрменің ашылу рәсіміне Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пшембаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфу Экиджи, Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшісі Павел Урюпин қатысты.

Биыл екінші мәрте өтіп жатқан көрмеге отандық өндірушілермен қатар әлемнің 16 елінен келген 250-ге жуық компания қатысып жатыр. Шетелдік қатысушылардың қатарында Австрия, Беларусь, Германия, Дания, Израиль, Испания, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Иран елдерінің өкілдері бар.

,

Көрмеде машина жасау, робототехника және автоматтандыру, тау-кен металлургия кешені, химия өнеркәсібі, фармацевтика және медицина, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, су өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп бағыттарының өнімдері ұсынылған.

Көрме аясында екіжақты кездесулер, конференциялар мен семинарлар өтіп жатқанын да айта кету керек.

,