Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі?

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің аясында қазақстандық заңнамаға сән-салтанат салығы туралы норманы енгізу мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі?

Министрдің айтуынша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінде сән-салтанат салығы көрініс табады.

Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығын енгізу бойынша тиісті тапсырманы Президент бергенін еске салды.

«Біз оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске енгізуіміз керек. 2023 жылы заң қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді деп үміттенеміз», деп Қаржы министрі.