Қаржы • 21 Қыркүйек, 2022

Доллар арзандады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 477,73 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 қыркүйектегі долларға арналған ресми бағамы 478,26 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 477,83 теңге, сату – 482,21 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,79 теңгеден сатып алынып, 482,03 теңгеден сатылуда.