Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

Каспий жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 33 мәрте су шашылды

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 33 мәрте су шашылды. Қамыс өрті 14 қыркүйектен бері сөнбей тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий жағалауындағы қамыс өртіне тікұшақпен 33 мәрте су шашылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бір аптада бұрын тұтанған өрт аумағы 60 гектарға жеткен.

«Бүгін, 21 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 07:30-да қамыс өртін сөндіруге «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның МИ-8 ВСУ-5 тікұшағы жіберілді. Су шашу құрылғысы бар тікұшақ экипажының құрамында 5 адам бар. Каспий теңізінің жағалауына әуеден барлау жүргізу кезінде өрттің екі ошағы анықталды. Бұған қоса 400 шаршы метр аумақта қамыс өрті бықсып жатқаны белгілі болды. Экипаж құрамы тікұшақпен әуеден өрт ошағына 33 мәрте су шашты. Сөйтіп, 400 шаршы метр аумақтағы бір өрт ошағы сөндірілді», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

щқ

Теңіз жағалауындағы қамыс өрті кеше 20 қыркүйекте үдей түсті. Өрт ошағына жету үшін жол іздеген ТРЭКОЛ көлігі батпаққа батып, өрт ошағында қалып қойды. Көліктегі екі өрт сөндіруші қауіпсіз жерге жедел эвакуацияланды. Жалын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жайылған.  

г

Бүгін, 21 қыркүйекте қамыс өртін сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 31 қызметкер, 10 техника, 1 су көлігі, «Ақжайық» мелекеттік табиғи резерватынан 20 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 3 адам, 3 техника, ерікті өрт сөндіру жасағынан 15 адам, 2 техника тартылған.

е