Орталық сайлау комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралады:
- 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту;
- Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру;
- 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру.