Делегация құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев болды.
Тараптар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік арқылы ынтымақтастықты қолдау, сапарлармен, тәжірибемен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу жоспарлары мен білім беру жүйелерімен алмасу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламаларын ынталандыру туралы уағдаласты.
Сонымен қатар министрліктердің өкілдері бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және ғылым саласында тәжірибе алмасуға келісті.
«Бұл Хаттама Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың және тығыз ынтымақтастықтың іргетасы болмақ», деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
Кездесу соңында тараптар жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстанның 4 жоғары оқу орны (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, ХББК) мен БАӘ 6 жоғары оқу орны (БАӘ университеті, Халықаралық мәдени дипломатия институты, Фуджейра университеті, Дубайдағы америкалық колледж, америкалық білім беру орталығы, америкалық Рас Аль Хайма университеті) серіктестік қатынас орнатқан. Олар студенттер мен профессор-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығы, екі дипломды білім беру бағдарламалары, бірлескен білім беру және ғылыми жобалар жүргізу, профессорлар мен оқытушылардың біліктілігін арттыру шеңберінде ынтымақтастыққа қол жеткізген.