Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022

Елден ірі көлемде қолма-қол ақша шығармақ болғандар ұсталды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері жыл басынан бастап қолма-қол ақша қаражатын декларацияламай немесе заңсыз алып кетудің 55 фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Елден ірі көлемде қолма-қол ақша шығармақ болғандар ұсталды

Комитет ақпаратына сәйкес, декларацияланбаған қолма-қол ақша сомасы 498 454 908 теңгені құрады, бұл - 1 083 599 АҚШ доллары. Осылайша, бұзушылықтар бойынша айыппұл сомасы 1 700 000 теңгеден асты.

Мәселен, 9 қыркүйек күні Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында Дубайға бағытталған халықаралық әуерейсімен кетіп бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Астана қаласы бойынша МКД «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері әуежайды тексеру қызметкерлерімен бірге Қазақстан азаматын тоқтатты. Ұстау кезінде азаматтан декларацияланбаған ақша қаражаты табылды. Азамат 56 750 АҚШ долларын елден шығармақ болған. Заң бұзушы ақшаның бір бөлігін аяқ киімінің ұлтарағының астына, ал қалған бөлігін қол жүгіне жасырған.

«25 тамыз күні Дубайға бағытталған халықаралық әуерейсімен кетіп бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Қазақстан азаматын тоқтатты. Ұстау кезінде 14 100 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды», деп қосты комитеттен.