Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022

Азаматтық авиация комитеті 7,8 млн теңгелік билеттерге қатысты түсініктеме берді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті Мәскеуден Алматыға бағытталған авиабилеттердің тарифтері өзгермегенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтық авиация комитеті 7,8 млн теңгелік билеттерге қатысты түсініктеме берді

Комитет әлеуметтік желіде тараған ақпаратта Мәскеуден Алматыға авиабилеттердің құны Дубай арқылы транзиттік рейсті ескере отырып көрсетілгенін нақтылады.

в

«Бағасы 7,8 млн теңгелік билет Мәскеу – Дубай (Emirates) және Дубай - Алматы («Эйр Астана») бағыты бойынша транзиттен қалыптасқан», делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша,и Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгерген жоқ.

2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша SCAT рейсіне билет құны 253 688 теңгені және 29 қыркүйектегі – 208 078 теңгені құрайды;

2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай – Алматы бағыты бойынша «Эйр Астана» рейсіне билет құны 334 146 теңгені құрайды.

Еске сала кетсек, бүгін 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара жұмылдыру шараларын жариялады.

Ресейлік адвокат Георгий Мелков Федерал Пресс агенттігіне Ресей заңдарына сәйкес 18 жастан 65 жасқа дейінгі барлық ер адамдар шетелге шыға алмайтынын айтты.

Алайда Ресейде жұмылдыру шаралары қалай ұйымдастырылатыны әлі белгісіз.